Bugin

Маңғыстау облысы жасөспірімдер жүктілігі бойынша алдыңғы орынға шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері Маңғыстауда ерте жүктіліктің 60-қа жуық фактісі тіркелді.

Өткен жылмен салыстырғанда кәмелетке толмай жүкті болған қыздардың саны 2%-ға өскен.

Өңірде 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған қыз тұрады. Сарапшылардың айтуынша, олардың көбі жыныстық өмірді 13 жасынан бастайды. Олардың ерте жыныстық қатынасқа түсуіне ортасы әсер ететін көрінеді.

"Ерте жүктілік бойынша Маңғыстау облысы Қазақстанда бірінші орында тұр. Өткен жылы аймақта 6 айда кәмелетке толмаған 44 жүкті қыз болған. Биыл жыл басынан бері 57 жасөспірім жүкті болды", - деп хабарлады облыстың штаттан тыс балалар гинекологы Айжан Әліпанова.