Bugin

Қостанай облысында егіздер ауруханадан шыққан күні көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облысында ауруханадан шыққан күннің кешінде егіздер қайтыс болды.

Балалардың қайтыс болу себебі Мәскеуден келуі тиіс сараптаманың қорытындысы бойынша айқындалмақ.

"Сараптамалық жолмен, қолда бар деректерді зерттеу арқылы екі баланың өлімінің себебін елімізде анықтай алмағанымызды растаймын. Сондықтан, Бас прокуратурамен өзара іс-қимыл арқылы халықаралық келісімдер шеңберінде сараптама Мәскеуде өткізілетін болды. Тергеуші Ресей Федерациясына іссапарға жіберілді, Ресей сарапшыларымен кері байланыс орнатылды. Бірақ, сараптаманың күрделілігін ескере отырып, оның қорытындысы шыққанын күтіп отырмыз. Іс біздің де, Бас прокуратураның да бақылауында", - деді облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Бекбосынов.

Белгілі болғандай, қазір іс бойынша егіздердің анасы – қорғауға құқығы бар куәгер, ал қайтыс болған балалар – жәбірленуші. Бауыржан Бекбосыновтың айтуынша, аналарының мәртебесі жүргізілген тергеу әрекеттеріне байланысты өзгертілген.

"Ол қазір күдікті немесе айыпталушы емес, ол – қорғауға құқығы бар куәгер. Іс бойынша қалыптасқан мән-жайлар оның қайтыс болған балалардың анасы болғанына қарамастан, іс бойынша жәбірленуші ретінде қабылдануына мүмкіндік бермейді. Ал, дәрігерлік қателік нұсқасына келсек, ҚР ҚПК-нің 179-бабына енгізілген талаптар бар. Оған сәйкес, егер уәкілетті органның тиісті актісі болмаса, біз медициналық қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғай алмаймыз. 317-бап бойынша іс тіркелді, тергеу басталды. Бірақ, медициналық мекемелер қызметкерлерінің әрекеттеріне баға беру үшін біз балалардың өлімінің себебі туралы қорытынды актіні күтуіміз керек. Сонда ғана дәрігерлердің кінәсі бар не жоғын айта аламыз", - деп атап өтті облыс прокурорының орынбасары.