Bugin
Ақтөбе қаласының тұрғыны екі кәмелетке толмаған баласын 81 жастағы әжелеріне қалдырып, бір аптаға кетіп қалған.
Әжелері бір аптадан кейін науқастанып, балаларды танысына қалдырған.
Әйел адам өзімен бірге 5 жасар ұлын ғана алып кеткен екен. Бір аптадан кейін балаларды қарауға қалған әжелері науқастанып, екі баланы танысынан қарап беруін сұраған. Алайда танысы әйел адамның қылығына наразы болып, полиция шақырып, балалар қараусыз қалғанын айтқан.
"Кәмелетке толмаған балалардың анасын бірден таба алмадық. Ол бір сағат бойы қайда жүргенін дұрыс айтпай, келуге уәде беріп, артынша келмеді. Үйіне асықпады", - дейді полицейлер.
Балалардың анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қауіпсіздік мақсатында полицейлер балаларды "Аяла" және "Үміт" реабилитациялық орталығына алып кеткен.
Қазір балалардың жағдайы жақсы.