Bugin

Көкшетауда мектеп ауласынан асылып қалған қыздың денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы шілденің 20-да сағат 9:50 Әуелбеков көшесі 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.

«Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.