Bugin

"Үйінде отырып басына чип салған": Эксперимент нәтижесі қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыға Ресейдің Новосібір қаласынан көшіп келген экспериментатор Михаил Радуга бұрғы мен басқа да құралдардың көмегімен басына чип салған.

Ғылым тілімен айтқанда мұны трепанация жасады дейді. Ол оны үйінде отырып, YouTube-тан нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді сағаттап зерттегеннен кейін жасаған.

Содан кейін құрылыс дүкенінен бұрғы сатып алып, ойын іске асырған. Ол басын бұрғылап, терісін қағаз қыстырғыштармен бекітіп, миына электродты салған. Сөйтіп, ол бұл әдіс ұйықтап жатқан кезде түстерін қалағандай көруге көмектеседі деп ойлаған.

Өзінің айтуынша, операция кезінде хирургиялық тәжірибенің жоқтығынан бір литрге жуық қан жоғалтып, аман қалған.

Тірі қалғаныма қуандым. Бірақ өлуге дайын болғанмын, – деді ол.

40 жастағы ер адам бұл тақырыпты ұзақ уақыт зерттеп жүргенін, 1,5 жылдан бері имплант орнату үшін нейрохирургтерге баруды жоспарлағанын айтты.

Оксфорд университетінің кеңесшісі, нейрохирург Алекс Грин операция туралы естіген кезде оның сау адам екеніне күмән келтіріп, операция кезінде өліп немесе инсульт алуы мүмкін екенін айтқан.

Енді ол эпилепсияға шалдығуы мүмкін, – деді нейрохирург.

Ресей азаматы өзіне чип салмас бұрын 5 қойға тәжірибе жасап та көрген екен.