Bugin
ШҚО-дағы Күршім ауданының жұрты мен алтын өндіретін компания арасында дау шықты.
19 шілдеде Маралды ауылдық округіндегі жергілікті әкімдік ғимаратында алтын өндіруге қатысты жоспар тыңдалуы керек еді. Алайда, жиналыстың аяғы жұдырыққа ұласып кеткен.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын жергілікті тұрғындар алтын өндіретін зауыт құрылысына қарсы екенін білдірген.
Себебі кәсіпорында натрий цианид қолданылуы мүмкін деген ақпарат тараған. Тұрғындар зауыт жұмысы мал жайылымдары мен ауылға да қауіп төндіреді деп санайды. Ал Күршім әкімдігі қазір жағдай бақылауға алынғанын айтты.
Айта кетейік, ауыл тұрғындары алтын өндірушілердің жолын бөгеп, наразылық танытқан видеосы тараған еді.