Bugin

Алматыда дауылдың салдарынан көліктерді ағаш басып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда қатты соққан дауылдың әсерінен көліктерді ағаш басып қалды. 

19:00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы дауылдың салдарынан 7 көлікке ағаш құлаған.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына 109-құтқару жасағының қызметкерлері, мердігерлер, РҰҚБЖ жұмылдырылды.

Бұған дейін "Қазгидромет" қалада найзағай ойнап, батыстан секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғатыны туралы дауылды ескерту жасаған еді.

Сонымен қатар "Қазгидромет" ертең, 22 шілдеде 35 градус ыстық болатынын ескертті. 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61