Bugin
Сарыөзек-Көктал тасжолында жүк көлігі бұзылып, жүргізушінің екі аяғын басып қалған.
Бұл соңғы айдағы бесінші жол-көлік оқиғасы.
"Оқиға Сарыөзек-Көктал тасжолының 54-шақырымында болған. Тежегіш жүйесінің қызып кетуі салдарынан HOWO жүк көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рульді тізгіндей алмай, жанындағы 45 жастағы жолаушымен жүк көлігінен секіріп, түрлі дене жарақатын алғаны анықталды. Екі ер адам да аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері.