Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӨзбекстандағы Баяут ауданында иті өз иесін тістеп алған. Салдарынан ер адам қайтыс болды.
2023 жылдың 18 шілдесінде сағат 19:20-да Сырдария облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына құтырма ауруын жұқтырған 64 жастағы ер адам түскен. Ақпанда өзінің иті сол жақ балтыры тұсынан тістеп алған. Өкінішке қарай, аса мән бермей, шілдеде ғана емдеу мекемесіне жүгінген.
Науқастың кешігіп келу салдарынан, ер адам 19 шілдеде сағат 21:35-те Сырдария аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болғаны айтылды.
Мамандар қайтыс болған ер адамның тұрғылықты жеріне барып, иттің тағы да басқа біреуді тістеп алғанын анықтаған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61