Weekend

V немесе Әлихан Бөкейханның бүркеншек есімдері

Қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлихан Бөкейхандай ұлт тұлғасының есімі аталса «Алаш» деп ұрандап, бойға қуат бітеді. Бұл сонау Алашордасы құрылған күннен бастап қазақтың болашағы мен тағдыры үшін алаңдаған сүт бетіндегі қаймақтардың ерен еңбектерінің, төккен терлері мен аққан қандарының жемісі.

Өткенге оралу дегеніміз, тарихпен сабақтаса отырып, бүгіннен сабақ алып, болашаққа жарқын көзбен қарау. Ал біз өткеннен үлгі алатын құнды дүниелер жетерлік.

Әлихан Бөкейхан – ұлт көсемі ғана емес, білікті маман, басшы әрі қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби журналист.

Қоғамда дүмпу туғызып, ұйқыда кетіп бара жатқан халықтың санасына аз да болсын үміт сәулесін беру үшін, соңғы демі қалғанша отар елдің саясатына қарсы тұра отырып, 30-дан астам бүркеншек есіммен публицистикалық мақалалар, әлеуметтік-саяси мәселелерді жазып отырған.

Лақап аттарының көбін Әлихан Бөкейхан негізінен орыс тілінде пайдаланды. Ұлт көсемінің кәсіби деңгейдегі журналист екенін айғақтайтын тарихи деректер 1889-1927 жылдар аралығындағы қырық жылға жуық кезеңді қамтып жатыр.  Филология ғылымдарының кандидаты С.Аққұлұлының деректеріне сүйенер болсақ, Француздардың 1930 жылдар аралығында ықпалды болған «Фигаро» газетінде Алаш көсемінің мақалалары жарияланып тұрды деген негіз бар. Осы негізге қарап, Әлихан Бөкейханның публицистикалық кезеңі 1930 жылдың ортасына дейін жалғасты деп айтуға әбден болады.

Әлихан Бөкейханның белгілі болған бүркеншек есімдері

Бізге белгілі болған, құжаттардың архивтерден табылу және зерттелу күшіне қарай анықталған ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның қазақ тіліндегі  бүркеншек есімдері:

Ә.Н. (Ә.-лихан Н.-ұрмұхамедов)

Қыр ұғлы немесе Қыр ұлы

Қыр баласы

Қ.Б.

Ғали хан немесе Әли хан

Ғ.Б. (Ғ-алихан, Б-өкейханов)

Ә.Б.

Арыс ұлы

Түрік баласы

Қалмақбай

V

Орыс тілінде кездесетін бүркеншек есімдері:

А.Н. (А-лихан, Н-урмухамедов(

Сын степей немесе Сын степи (Дала баласы)

Туземець

V

А.Б.

Статистикъ

Киргизъ-кайсакъ

Алиханъ

Ал.Кочевникъ

Мусульманинъ

Киргизъ

Степнякъ

К.Степнякъ

Бұдан өзге көпшілікке белгісіз бірнеше есімдерді атап көрсетуге болады:

Обыватель

Наблюдатель,

Читатель

Уакъ

Н.Ш.