Bugin

Ақтөбеде үш қыз суға батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбенің Әйтеке би ауданында 16, 12 және 10 жастағы үш қыз суға батып кетті. 

Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы Ырғыз өзеніне 3 жасөспірім қыз суға батып кетті. Оқиға орнында куәгерлер 2007 және 2011 жылғы туған қыздардың денесін судан алып шықты.

"2013 жылы туған қыз баланың денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары сағат 21:32-де жағадан 10 метр қашықтықта 6 метр тереңдіктен шығарды. Болжам бойынша 2007, 2011 және 2013 жылы туған 3 қыздың екеуі Әйтеке би ауданының тұрғындары, үшіншісі Ырғыз ауданынан сол ауылға қонаққа барған. Суға шомылу кезінде бір қыз баланың анасы олардың жанында болған",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның хабарлауынша олар әр үйдің балалары.