Bugin

Көршісінің кішкентай қызын ұрған келіншек туралы жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысы Қарғалы ауылында кішкентай қыздың аузы мен қолын шүберекпен байлап, қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған әйел ұсталды. 

Полицияның мәліметінше, тексеру барысында 23 жастағы әйелдің қайда жүргені анықталды.

Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінен ұсталып, арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды.

ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (кәмелетке толмаған баланы бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Қарғалы ауылында жас келіншек кішкентай қыздың аузы мен қолын шүберекпен байлап, иесіз үйге апарып ұрған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61