Bugin

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты. 

Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған үш жолаушы көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де, сондай-ақ үш жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61