Bugin

Түркістандық жүргізушіге 530 мың теңге айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан полицейлері 40 айыппұлын төлемеген көлік жүргізушісін ұстады. Тексеру барысында оның бір басында 530 мың теңгеден астам берешегі бары анықталған.

Белгілі болғандай, тәртіп бұзушыға жазылған айыппұлдың көбі жылдамдықты арттыруға байланысты. Ол аз болса, сот орындаушысының қаулысы бойынша 2 миллион теңгеден астам берешегі де бар екені де анықталған.

"Түркістан қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығы көшелерін патрульдеу кезінде, "Қорғау-қауіпті жүргізуші" мобильдік бағдарламасының көмегімен "Mercedes Benz" маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында, жүргізушінің 530 мың теңгеден астам төленбеген 40 айыппұлы бары анықталды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырды. Ал "Mercedes Benz" маркалы автокөлі автокөлігі айыптұраққа қойылды", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті  басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков.