Bugin
Алматыдан 299 шақырым қашықтықта жер сілкінді.
Қытайдағы жер сілкінісін Алматының сейсмикалық станциялары тіркеді.
"Кеше Алматы уақыты бойынша сағат 14:52-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "САМЭ" ЖШС Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан", - деп хабарлады Алматы қаласы ҚҰҰ кезекші операторы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.