Bugin

Қаскөйлер баланы ұрлап, ата-анасынан 300 мың доллар талап еткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда Ыстықкөл жағажайынан қаскөйлер жасөспірімді ұрлап, ата-анасынан ол үшін 300 мың доллар төлеуді талап еткен.

12 жасар баланы ұрлау туралы арыз 20 шілдеде Шу облысының тумасынан келіп түскен. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның жағажайда сағат 8:30 шамасында болғанын айтты.

"Факт аудандық милиция ақпаратын есепке алу журналында тіркелді және жедел-іздестіру іс-шаралары бірден басталды. Сағат 21:00 шамасында бала Шу облысының аумағында табылды, содан кейін ол анасына берілді", — деп атап өтті полиция.