Bugin

Алматы облысында 150 адам эвакуацияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды.

Су тасқынының әсерінен 22 шілде күні түнгі 00:30 шамасында Талғар бөгетінің бөрене ұстағышында жер дамбасының оң жағын су шайып кетті.

Салдарынан ұзындығы - 5,5 м, ені - 3 м, тереңдігі - 1,2 метрлік, көлемі шамамен 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды.

Оны қалпына келтірумен "Қазселденқорғау" филиалы айналысады.

Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде.

"Қазселденқорғау" Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне (көпір өткелдеріне) мамандардан құралған мобильді бақылау бекеттерін қойды.

"Сел" дабылын алғаннан кейін шұғыл түрде селдің қауіпті аймағынан демалушылар эвакуацияланды.

Эвакуацияланған адамдар саны- шамамен 150 адам.