Bugin

Жеңіл көлік тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігін соғып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылып, кейін өзенге қарай аударылып қалған. Оқиға 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында болды. 

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы Kris P Almaty парақшасы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, бұл апат эвакуатор тас жолдан "Табаған" тау шаңғысы курортына түсіп бара жатқанда болған.

"Эвакуатордың жолаушысы зардап шекті. Құтқарушылар өте жылдам әрі жақсы жұмыс істеді, Талғар облысының құтқарушыларына үлкен рақмет", - делінген жазбада.