Bugin

Ер адам пойызда үш жолаушыны пышақтап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Жапонияның батысындағы Осака қаласында пойызда ер адам үш жолаушыны пышақпен кетті.  

Қылмыскер дереу тұтқындалған.

Станция қызметкері жедел көмек қызметіне хабарласып, пышақтау оқиғасы туралы жергілікті уақытпен таңғы 10:25 шамасында полицияға хабарлаған.

Болжам бойынша, оқиға пойыз жүріп бара жатқан кезде болған.

Үш адам зардап шекті. 20 жастағы ер адам, 70 жастағы жолаушы мен 20 жастағы пойыз жолсерігі ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиға орнында Казуя Симидзу есімді ер адамды тұтқындады. Полиция дерегі бойынша, 37 жастағы Симидзуді станцияда тұтқындаған кезде үш пышағы болған.