Bugin
Түркістан облысында көлікке қызыл-көк жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік желілердің бірінде қызыл және көк жарық сигналдары рұқсатсыз орнатылған және мемлекеттік нөмірі жоқ Mercedes көлігінің трассада жүрген видеосы тарады.
Оқиға Төлеби ауданы Қасқасу ауылының тас жолында болғандығы анықталды.
Көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар жасалды.
Көлік айыппұл тұрағына қамалды.
Жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, болашақта мұндай бұзушылықтарға жол бермейтінін айтты.
«Көлікке қызыл және көк түсті стробоскоп орнатып , көліктің нөмірін алып тастап, видео түсіргенімді растаймын. Кешірім сұраймын, екінші рет қайталанбайды», - деді жас жігіт өз әрекетіне өкінетінін айтып.