Bugin

"Өлмес рухымыз жерге тәжірибе жинау үшін келеді": Жанат Бақыт бар сырын ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі журналист Жанат Бақыт регрессология іліміне қалай келгенін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Facebook-парақшасында жазды.

"Бұл постымды Қазір оқыған адамның бірі түсінер, бірі түсінбес, бірақ болашақта оқыған жанның бәрі түсініп, тіпті біздің басымыздан өтіп жатқан оқиға желісімен кино түсіретініне жүз пайыз сенімдімін. …Ағам қайтқан соң ұзақ ізденгенімді, қалай қиналғанымды тұрақты оқырмандарым өте жақсы біледі. "Не үшін келдік өмірге? Жәй ішіп-жеу үшін бе? Тәнімізді тастап кеткен соң не болады? Денені тастадық, сонымен бәрі бітті ме?". Міне, ағам кеткен соң осы сұрақтарға жауап іздеумен болдым. Барлық дерлік ілімді оқыдым, алайда осы сұрақтарға ешқандай ілім нақты жауап бере алмады", - дейді ол. 

Осылайша, Жанат Бақыт регрессология ілімін оқи бастаған.

"Сол кезде барып сұрақтарыма ақырындап жауап ала бастағандай болдым. Нәзік әлемнің бар екенін, біздің Өлмес рухымыз жерге тәжірибе жинау үшін келетінін, Ғалам мектептері болатынын, Ғалам кітапханалары барын, бізді Жерге жалғыз жібермей, қасымызға Қорғаушы-Тәлімгерлерді бірге жіберетінін білдім. Мен бұл ақпараттарды білгенде шыны керек, қатты қуандым, бейне бір бұған дейін жабық тұрған қақпаның құлпын ашқандай әсерде болдым. Білгендерім туралы алғаш рет инстаграмда эфирге шығып айта бастадым (негізі оған дейін эфирге шықпайтынмын)", - дейді журналист. 

Осылайша, ол бұл ілімді адамдарға үйретпек болған. 

"Кейін бұл ілімді аз-кем адамға бетпе-бет оқытсам деп шештім, себебі өзім ізденген кезден білем, қазақша оқытатын адам таппадым, бәрі орыс тілінде әрі онлайн болды, сосын оқу құны қымбат еді. Сөйтіп, елдің қалтасы көтеретіндей бағаға бетпе-бет білгенімді үйрететін болдым. Бірнеше топ келді. Байқаймын, басқа регрессологтардай емес, менде бәрі басқаша болып жатыр. Оқуға келіп жатқанның көбі өткен өмірін бірден көріп, бірі Махамбет батыр, бірі Райымбек батыр, бірі Ахмет Байтұрсынов, енді бірі Әлихан Бөкейханов екенін және әрқайсысы өз тарихымен бөлісетін болды. Өтірік дейін десем, интернетті ашып тұрып ізденем, айтқандарын салыстырам, тура келіп тұр. Ал қазіргі жандары терапиядан тұрған соң тарихтан түк хабары жоғын айтады", - дейді ол. 

Жанат Бақыттың сөзінше, оқудан бөлек басқа да адамдар келіп жатты.

"Оңаша отырып терапия жасағаннан кейін ол адамдардың Нәзік әлеммен порталдары ашылып кетеді. Олар да кезінде тарихи тұлға болғанын айтады. Бәрі бекер емесін түсініп, бақылап жүрдім. Біздің Жерден бөлек, астрал, ментал әлемді көретін көптеген адам жиналды", - дейді журналист. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/87570/