Bugin
Кішкентай қыз баланың аузын жауып, қолын байлаған әйел 2 айға қамауға алынды.
"Сот шешімімен 22 шілде күні 1999 жылғы азаматша 2 айға қамауға алынды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 126 бабы бойынша тергеу басталды", - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында .
Еске сала кетейік, 19 маусымда әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің кішкентай қыз баланың аузы мен қолын байлап, белгісіз бағытқа әкетіп бара жатқан видеосы тараған болатын. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, видеодағы әйел - баланың көршісі. Бұл жайт желі қолданушыларының ашуын туғызды.