Спорт
Қарсыласты сыйлай білу - жақсы қасиет
«Барселона» капитаны Лионель Месси «Ювентусты» Чемпиондар лигасының басты үміткерлерінің бірі деп атады. Оның айтуынша «кәрі синьораның» сапына шабуылшы Криштиану Роналду ауысқаннан кейін бұл команда әлдеқайда күшейген.
«Мен «Ювентусты» қатты сыйлаймын. Менің ойымша бұл жақсы ойыншылары бар өте мықты команда. Криштиану келгеннен кейін одан сайын күшейе түсті. «Атлетиконы» жеңгеннен кейін, олар жеңіске үміткерлердің бірі. Бізде турнирді жеңуге үміткерлердің қатарындамыз деп ойлаймын», — деген Леоның сөздерін AS жеткізеді.
Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Ювентус» «Аякспен» кездеседі.