Bugin
Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қайтыс болды.
Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.
"Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспечерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті. Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен "Өзенэнергосервис" МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды", - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.