МӘДЕНИЕТ
«Адамды бұзатын ақша мен билік» деген нақыл бар. Мұны қоғамдағы кейбір жағдайлардан байқауға болады. Десек те, аты әлемге әйгілі жұлдыздардың қарапайымдылығы ел аузында жүр.
Bugin.kz порталы кино отаны Голливудтағы ең танымал әрі ең қарапайым актер Киану Ривз туралы қызықты дерек ұсынады.
Көпшілікке «Матрица», «Джон Уик» фильмдеріндегі басты рөлімен танылған Кианудың адамгершілігі туралы оқиғаларды желі қолданушылар аңыз қылып айтып жүр.
- «Матрица» туындысы сәтті түсіріліп, өз қаражатын ақтады. Басты рөлді сомдаған Киану болашақта түсетін гонорарынан бас тартып, өзімен бірге жұмыс істеген мамандарға жұмсаған. Сонымен қатар каскадерлердің бәріне «Харли Дэвидсон» маркалы мотоцикл сыйлаған.
- 1997 жылы Голливуд бульварында серуендеп жүрген актер көше бойында жатқан адамды көріп, онымен әңгіме-дүкен құрған. Мұндай сәтті Кианудың фанаттары жіберіп алсын ба, бірден суретке түсіріп алған. Әлбетте, қазіргі «танымал» адамдар секілді көзбояушылық үшін істеген байқалмайды.
- 36 жастағы Джеймс Дейтор есімді твиттер қолданушысы оқиғасын бөлісті. Оның айтуынша, 2001 жылы қарапайым кинотеатрлардың бірінде Киану Ривзді көріп қалған. Осы уақытқа дейін актердің қолтаңбасын алуды армандаған жас жігіт үшін керемет мүмкіндік еді. Алайда сол мезетте қалам-қағаз табылмай, актер өз жолымен кеткен. Біраз уақыттан кейін қолына балмұздақ ұстап алған жұлдыз жігітке қолтаңбасы қойылған қағаз ұстатады. Оқиғаны кейін аңғарған Джеймс актердің бір жапырақ қағаз үшін сыртқы шығып кеткенін түсінеді.