Bugin

Каспий теңізіне шыққан үш қыз табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қыздар ашық теңізге 24 шілде күні шыққан.

«Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Полиция департаменті күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланады» делінген баспасөз мәліметінде.