Bugin
Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз бір түннен кейін табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Бүгін таңғы сағат 6 шамасында "Қазтеңізкөлікфлоты" ЖШС "Сұңқар" кемесінің экипажы теңіз жағалауынан 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды", - делінген баспасөз мәліметінде.
Қыздардың денсаулық жағдайы тұрақты, оларға медициналық көмек көрсетілген.
Еске салсақ, кеше Каспий теңізінде үрмелі матрасқа мінген үш қыз іздестіріліп, құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды.