Bugin

БҚО-да автокөлік жылқыға соқтығысып, 40 жастағы әйел қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соқтығысып, 40 жастағы әйел көз жұмды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 шілде күні шамамен сағат 22.45-те Сырым ауданы аумағында болды.

"Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолының 415-шақырымында 1984 жылғы жүргізуші "Ниссан Тиана" автокөлігімен жолға шауып шыққан жылқыны қаққан. Соның салдарынан автокөлікте отырған 1983 жылғы әйел оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен жолаушы - Ақтөбе облысының тұрғындары. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар әкімшілік хаттама толтыру үшін малды бағымсыз жіберген иесі анықталу үстінде", - деп хабарлады ведомстводан.