Bugin

Алматыда сүйіктісімен сөзге келіп қалған ер адам көпірден секірмек болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 31 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте Талғар тас жолындағы БАКАД көпірінен секірмек болған. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, оны райынан қайтарған. Тұрғын әрекетінің себебі сүйіктісімен жанжалдасп қалғаны екенін айтқан. Бұл туралы Bugin.kz порталы kris_p_talgar парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Түскі уақытта Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барғанда көпірде полицияның ер адаммен келіссөз жүргізіп жатқанын көрген.

"Келіссөздер оң нәтиже берді. Ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Деректерге сәйкес куәгерлер жақын маңдағы дүкеннен төсеніш шатыр сұрап әкеліп дайын тұрған. Келіссөздерден соң мамандар ер адамды ұстап, сүйреп түсіріп құтқарып қалған.