Bugin
Алматыда ең ірі «Азия Дауысы» фестиваліне дайындық жүріп жатыр. Шара 28, 29 және 30 шілдеде Медеу биік мұз айдынының сахнасында өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
100 жылдық мерейтойына орай Halyk «100 игі іс» акциясын бастады және қайырымдылық жобасы аясында банк 20 жылға жуық уақыттан кейін аты аңызға айналған «Азия Дауысы» фестивалін қайта жаңғыртуды ұйғарды. Осылайша, Халық өзінің туған күнінде оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына керемет ауқымды шараның бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
Halyk басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев фестиваль Қазақстанның айшықты белгісіне айналатынына сенімді. Оның айтуынша, Алматы қонақтары мен тұрғындары осындай ауқымды жобаны асыға күткен.
«100 жылдық мерейтой аясында біз тұтынушыларымызға сыйлық жасауды ойладық. Ал Арманжан Байтасов бізге келіп, «Азия Дауысын» қайта жандандыруды ұсынғанда, Halykбасшылығы бұл идеяны қуана қолдады. Фестивальдің бірінші күніне бір аптадан аз уақыт қалды, оған дайындық ауқымды деп айта аламын. Концерт музыканың әртүрлі бағыттары бойынша ұсынылған және әртүрлі жастағы тыңдаушыларға арналған. Шара қонақтарын заманауи орындаушылар, шетелдік әртістер, қазақ эстрадасының аңыздары және т.б. Біздің ұжым үш күнге созылатын «Азия Дауысы» концертін барынша әсерлі әрі қызықты өткізу үшін көп күш салуда», – деді Дәурен Сартаев.
Ол бағалы сыйлықтар, көптеген іс-шаралар және байқаулар көрермендер үшін жағымды тосын сый болатынын айтты.
Өз кезегінде фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов 19 жылдан кейін оны қайта жаңғырту идеясы «Азия Дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковырякомен кездесуінің арқасында туындағанын айтты.
«Ирина қазір жоспарларын, өз ойын бөліскен еді. Фестиваль туралы естеліктер, оның қалай өткені, қаншалықты танымал болғаны туралы еске алдық. Бұл фестивальді қайта жандандыру идеясына негізгі әңгіме болды. Біз жобаның өте ауқымды және жүзеге асырылуы қиын екенін жақсы түсіндік, бірақ бәрібір тәуекелге бел будық. «Азия Дауысының» қайта жандануы бүкіл ел үшін де, оның ішінде Алматы үшін де өте маңызды деп есептеймін. Шара облысымыздың туристік әлеуетін көтеріп, қаламыздың мәртебесін көтереді. Сонымен қатар, фестиваль «Азия Дауысының» негізін салушылар Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономаревқа деген құрметіміздің бірден бір белгісі. Олардың еңбегі, жігері, идеясы ұмытылған жоқ, әлі де жалғасын табуда», – дейді Арманжан Байтасов.
Ұйымдастырушылар биылғы жылы музыкалық фестиваль көрермендерді ерекше әрі заманауи шоу бағдарламасымен таң қалдырады деп уәде беріп отыр.
Концерттің бірінші күні, яғни 28 шілдеде қазақ музыкасының тірі аңызы Бибігүл Төлегенова ашады. Одан кейін сахнада Молданазар, RaiM, Ерке Есмахан, V$XV PRINCE, Мирас Жүгінісов, Мархаба Сәби, ОРЫНХАН, Ирина Қайратовнажәне ZAQ сынды заманауи қазақ эстрадасының танымал әртістері өнер көрсетеді.
Екінші күні танымал BLACK EYED PEAS тобы өнер көрсетеді.
Үшінші және соңғы күннің идеясы «Азия дауысы» ұрпақтар арасындағы байланыс туралы баяндайды және Орталық Азияның музыкалық аңыздарына арналады. Сахнада Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жәмилә Серкебаева, Еркеш Шәкеев, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Әділ Чекилов, Парвиз Назаров, Жылдыз Осмоналиева, Бауыржан Исаев, «Дара» тобы және тағы басқалар өнер көрсетеді. Көрермендерді Әділ Чекилов пен Парвиз Назаров, Нағима Есқалиева мен Диас Аблаев сынды ерекше жұлдызды дуэттер қуантса, Роза Рымбаева екі ұлы Мәди Рымбаев пен Әли Ақаповпен бірге ән шырқайды.
Фестиваль тарихында алғаш рет Медеу сахнасындағы қойылымдар нағыз эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді және оны әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген белгілі дирижер Александр Беляков жүргізеді.
«Азия Дауысы» фестивалінің билеттері kino.kz сайтында бар.