Bugin
Алматы облысында демалыс орнына келушілер мен қызметкерлер арасында төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеметтік желілерде таралды.
"Демалыс орнына келген клиенттер мен қызметкерлер арасында төбелес болды. Оқиға кеше Sky Pool демалыс аумағында орын алды. Ақтаулық отбасы демалуға келді. Баланың бойы 130 сантиметрден асып кеткені үшін олардан қызметкерлер ақы төлеуін сұраған. Клиенттер келіспей, жанжал пайда болды", - делінген видеоның сипаттамасында.
Полицейлер төбелес фактісін растады.
"2023 жылдың 24 шілдесінде әлеуметтік желілерде бұзақылық ниетпен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері орын алған видео жарияланғанын хабарлаймыз. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 2023 жылдың 24 шілдесінде сағат 12:30 шамасында Шамалғанда орналасқан бассейн әкімшілігі мен келушілер арасында болған", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы ("Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бұзақылық") бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.
"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы облысы ІІД бастығы полковник Бауыржан Әленов.