Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқмола облысында 3 жасар қыз бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.
Ведомствоның мәліметінше, жазатайым оқиға Қосшы қаласында болған.
"Белгілі болғандай, ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылғы қыз бала терезеден құлады. Салдарынан бала "жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғаларының сынуы" диагнозымен Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды", - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларды терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға, масалардың торларын тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға, терезелердің жанына жиһаз қоймауға кеңес береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61