Саясат

Өзбекстанның білім беру министрі ұстаздар жалақысын 1000 долларға көтермек

"Біз ұстазардың жалақысын $1000-ға дейін көтермейінше еш тоқтамаймыз"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбек ұстаздары міндетті түрде $1000 долларға дейін көтеріледі. Мұны республиканың білім беру министрі Шерзод Шерматов 26 наурызда Ақпарат агенттігінде өткен пресс-конференцияда мәлімдеді.

Шенеунік елде ұстаз мәртебесін көтеруге күш салынып жатқанын Шавкат Мирзиёев жоспарының бір бөлімі орындалуға жақын екенін алға тартты. Ендігі кезектегі мәселе – педагогтардың материалдық жағдайын көтеру. Министр сөзінше, Мирзиёев ұстаздардың жалақысын көтеру туралы бірнеше рет айтқан.

"Біз ұстазардың жалақысын $1000-ға дейін көтермейінше еш тоқтамаймыз", – деп президент сөзін келтірді Шерматов. Нақты қай уақытта көтерілетінін министр айтқан жоқ.

Былтыр шілде айында Шерматов президенттің ұстаздар мәртебесін көтеру туралы тапсырмасын тек олардың жалақысын көтеру арқылы орындауға болатынын мәлім еткен еді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61