Bugin
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Солтүстік Кореяға ұшып барды. Шойгуды Пхеньян маңындағы Сунан әуежайында КХДР Қорғаныс министрі Кан Сун Нам қарсы алды.
«Бұл сапар Ресей-Солтүстік Корея әскери байланыстарын нығайтуға ықпал етеді және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болады» деп жазылған Ресей Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасында.
Ресей делегациясы Корей түбегіндегі соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына арналған іс-шараларға қатысуға ниетті.