Bugin
Биылғы І жартыжылдықта «Қазақстан халқына» қоры 55 млрд теңгеге 12 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасын іске қосты. Бұл туралы қордың Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында айтылды.
Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қордың атқарушы органы – басқарма биыл 31 отырыс өткізіп, онда барлығы 3466 өтінім мен жеке тұлғалардың өтініштері қаралды. 2022 жылдағыдай өтініш берушілердің көпшілігі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салалары бойынша қордың қолданыстағы бағдарламалары мен жобалары аясында көмек сұраған.
Алты айда қорға 23,4 млрд теңге, оның ішінде жеке тұлға В. В. Анисимовтан 22,3 млрд теңге, «Сәтті Жұлдыз» АҚ-дан 1,05 млрд теңге, жеке тұлғалардан 12,2 млн теңге түсті. Қор 24,6 млрд теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.