Bugin
Шымкентте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында апат болған.
Бетон араластырғыш көліктің жүргізушісі бағдаршамның жанында тұрған сегіз көлікті соғып кетті.
Куәгерлер көліктің тежегіші істен шыққан деп болжады. Нәтижесінде Mazda көлігін басқарған ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасының қалған қатысушылары жеңіл жарақат алған.
Барлық көліктерге елеулі материалдық залал келді.
Апат болған жерде екі шақырымға жуық жол кептелісі пайда болды. Жол полициясының қызметкерлері көліктерді сүйреп апарып, қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.