Bugin

Атырауда бар күзетшілері қызды таныспағаны үшін соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау тұрғыны барлардың бірінің күзетшілері онымен таныспақ болғанын, бірақ ол бас тартқан соң жұдырық жұмсағанын айтты.

Қыздың айтуынша, оқиға 11 шілдеде қаладағы барлардың бірінде болған.

"Жанжал ұрып-соғудан бұрын басталды: күзетшілер жұмыста тұрып, менімен танысуға тырысып, бар жабылғаннан кейін бірге уақыт өткізуге шақырды. Мен бас тарттым, содан кейін олар мені мазақ етіп, маған басқаша қарай бастады", - дейді қыз.

Ол таңғы бестер шамасында телефонмен сөйлесуге сыртқа шыққанын, содан кейін күзетшілер қайта кіргізбей қойғанын айтты.

"Олар өте дөрекі сөйлесе бастады... Мен кіреберістен жүгіріп өтпек болдым, сол кезде бетіме бірнеше соққы жасады. Мен сол жерге құлап, басымды ұрып алдым. Олар мені есіктен ары қарай итере бастады. Соңында мені ұрған күзетші баспалдақта отырғанымда басымнан тепті", - деп жазды қыз.