Bugin
Қостанай облысы Аманқарағай ауылында еріктілер жоғалып кеткен 17 жастағы қызды іздеп жатыр.
17 жасар Алина Тятихтың жоғалғаны туралы ақпаратты "10-аймақ" іздестіру жасағының еріктілері өз парақшасында жариялады. Бойжеткен 25 шілде күні кешкісін Аманқарағай ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Таңертең анасы полицияға арызданған.
"Полиция дереу қыздың болуы мүмкін жерлерін тексеріп, туыстарынан, жақын достарынан сұхбат алды. Сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттар мен жақын маңдағы орман аумағын тексерді. Іздестіру жұмыстарына полициядан бөлек, қыз оқыған колледждің оқытушылары, еріктілер мен ауылдың қамқор тұрғындары жұмылдырылды", – делінген полиция хабарламасында.