Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

26 шілде күні сағат 11:00-де «Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты,- делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61