Bugin
Сот шешімі бойынша айыптаудан ақталған Қанат Жұмабаев бұрынғы қызметіне – Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына қайта келді.
Бұл туралы облыс әкімдігі мәлім етті.
Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, Қанат Жұмабаев 19 шілдеден бастап жұмысына кіріскен.
Ол өткен жылдың тамыз айында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді. Тергеу тоғыз айға созылып, сот мамырда Жұмабаевты ақтау туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, Қанат Жұмабаев Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметіне 2021 жылдың қаңтарында тағайындалған.