Bugin
Ресейде жолаушылары бар тікұшақ өртеніп кетті. Тікұшақта 13 турист пен 3 экипаж мүшесі болған.
Апат Қазақстанмен шекаралас аймақта, Алтай Республикасында болды.
"Алтай Республикасында Тюнгур елді мекеніне қону кезінде Ми-8 жекеменшік тікұшағы электр тоғын үзіп, артынша өртеніп кетті. Оқиға орнында өрт сөндіру-құтқару тобы жұмыс істеп жатыр", – делінген ақпаратта.
Алдын ала мәліметке сәйкес, тікұшақта болған 6 адам көз жұмды.