Bugin
Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды.
Қаралы хабар жайлы Бану Дәулетбаева жазды.
"Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы...", - деп жазды журналист Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растады.
"Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады", - деп хабарлады Жазушылар Одағының өкілі.
Жерлеу рәсімі Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратында өтеді.
Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.