Bugin

Қостанай облысында 7 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облысында 7 жастағы қыз жоғалып кетті.

Баланың жоғалғаны туралы ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады.

Қарабалық ауылында 7 жастағы Ева Андреева жоғалып кетті. Полицияға қыздың анасы жүгінген. Оның айтуынша, 26 шілдеде сағат 23:20 шамасында Ева үйден шығып, жоғалып кеткен.

Бала қара шорты, қызғылт жейде, қызыл тәпішке киген.

Ева Андрееваның қайда екені туралы білетіндерден "102", 3-26-02, 8-708-200-76-18 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61