Bugin

"Өліп кетуі мүмкін". Қамаудағы Алмасхан Ахметжановтың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

19 шілдеде ұсталған Алматыдағы урбанистика басқармасының экс-басшысы Алмасхан Ахметжановтың жүрегіне былтыр желтоқсанда күрделі операция жасалып, кеудесіне дефибриллятор орнатылған. Бұл туралы журналист Жанна Ахметова айтты.

"Екі апта бұрын Алматыдағы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы ұсталды. Оған әкімдіктің бұрынғы былықтарына қатысты айып тағылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Алмасхан Тілеуханұлы кінәсін мойындамады. Тергеу ұзаққа созылады, процесс қиын болайын деп тұр", - дейді Жанна Ахметова. 

Журналист Алмасхан Ахметжанов былтыр желтоқсанда күрделі операция жасатқанын айтты. 

"Оған дәрігерлердің тағайындауы бойынша реабилитация қажет. Оның кеудесіне дефибриллятор орнатылған, ол оның жүрегінің қалыпты жұмыс істеп тұруына әсер етеді. Ол аппарат үнемі дәрігерлердің бақылауында болуы керек! Операциядан кейін Алмасхан Ахметжанұлына қалыпты температуралық режим қажет. Тамақтануы мен бір күндік режимі жайлы айтпай-ақ та қояйын. Уақытша ұстау изоляторында қандай да бір жағдай болса көмектесе алатын кардиологтар бар ма? Кеуде дефибрилляторымен жұмыс істей алатын мамандар бар ма? Қажет медициналық жабдықтар бар ма? Әрине, жоқ!", - дейді Жанна Ахметова.

Ол мұндай науқастарды қамауға болмайтынын айтады. 

"Бұл барлық халықаралық нормаға қарама-қайшы! Осының бәрін біле тұра судьялардың оны қамауға құқығы жоқ. Үйқамақ - гуманистік емес заңды шешім, оны судьялар қабылдауға міндетті", - дейді Жанна Ахметова. 

Айта кетейік, дефибрилляция - жүректің қалыпты ағын қалпына келтіру үшін жүрекке жоғары энергиялы электр разрядын қолдану. Дефибрилляция бірнеше минут ішінде жүргізілмеген жағдайда адам өліп кетуі мүмкін.