Bugin

Қыздарының көзінше өзіне қол жұмсаған Айперінің соңғы видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шамамен бір апта бұрын Алматыда 29 жастағы әйел балаларының көзінше өзіне қол жұмсады.

Келіншек өз үйінде басқа тағатын орамалына асылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, анасының суицид жасағанын 1 және 5 жасар кішкентей қыздары көріп, ештеңе түсінбей, жылай берген. Марқұм келіншек Қырғызстан азаматы екен. Қаза тапқан Айпері тірі кезінде тапсырысқа киім тігіп, бәліш пісіріп сатқан екен. Бұл туралы ол тірі кезінде Ильгиз Гарипов атты алматылық блогерге айтқан. 

Ильгиз Гарипов Айперімен Алматыдағы Президент паркінде кездесіп қалған. Блогер Айперіден қандай көмек керегін және ол немен айналысатынын сұраған. 

"Үш қызым бар, үйде отырамын, декреттегі анамын. Мен негізі дизайнер, модельермін. Тігін машинасын сатып алғанмын. Бірақ оны бөліп төлеймін. Кейде клиенттер болмай қалады. Менің құры көшеде жүруімнен пайда болмайды. Көбірек ақша тапқым келді. Бәліш, шұжық сатамын. Құры қол отырмаймын. Қазір паркте әрі қыдырып, әрі бәліш сатып жүрмін. Күйеуім "ұялмайсың ба?" деп сұрайды, жоқ, ұялмаймын. Бәрі халал өнім, еңбекпен жасалады. Ерлер мен әйелдерге арналған киім тігемін. Көршілерім тапсырыс береді, бірақ сонда да клиенттерім аз. Көбірек жұмыс істегім келеді", - деген екен Айпері.