Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркістан облысында алты полиция қызметкері сотталды.
Түркістан қалалық сотының судьясы бес полицейге төрт жылға үкім кессе, тағы бір тәртіп сақшысына 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Барлығы шенінен айырылды. Бұдан бөлек жәбірленушілерге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.
Сауран аудандық полиция бөлімінің алты қызметкеріне екі тұрғынды "мал ұрлығы қылмысын мойындату үшін ұрып-соқты" деген айып тағылған болатын. Бұл жағдай өткен жылдың 8-ші ақпаны күні болған.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 146-шы бабының 2-ші бөлігі, 1-2-ші тармақтарында және 414-ші бабының 1-ші бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Үш жылға құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын",- деді Түркістан Қалалық сотының судьясы Абай Бекботаев.
Сотталғандар жазаны қылмыстық - атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Алайда сот залына жиналған туыстары мен айыпталушы орындығында отырғандар шу шығарды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61