Bugin

Ұлатауда екі көлік соқтығысып, бес адам оқиға орнында қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы полицияға сілтеме жасап.

27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан Toyota жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.