Bugin

Жалғызбасты ана 4 айлық баласына бірнеше күн тамақ бермеген (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде адам жанын түршіктірер бейнежазба жарияланды. 27 жастағы жалғызбасты ана 3 жасар және 4 айлық баласын бірнеше күн бойы қараусыз қалдырған.

Бейнежазбада балалардың шыбын мен тараканға толы лас үйде бірнеше күн бойы аш жатқаны айтылады. Балалардың анасы – 27 жастағы Магдалина есімді азаматша. Көршілерінің сөзінше, ішімдікке салынған әйел балалары үшін алатын жәрдемақыны да араққа жұмсайтын көрінеді.

«Балалардың жылағанын естіген көршілері үйдің есігін бұзып кірсе, үйдің ішінде бірнеше күн қараусыз қалған екі бала табылған, біреуі үш жаста болса екіншісі тіпті төрт айлық сәби екен. Үйдің ішін шыбын мен таракан басып кеткен, төрт айлық кішкентайы аштан өле жаздаған. Қазір кішкентайы жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген жазбада.

Сонымен қатар, әйел қамқоршылық органдарында есепте тұрған. Бірақ инспекторлар келген кезде есікті ашпай қойған. Ал ведомство өкілдері жай ғана кетіп қалған екен. Абырой болғанда, балалардың жағдайы туралы еріктілер шу көтерген.

Қазір Магдалинаға қатысты «Ата-аналық міндетін орындамағаны» үшін қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 3 жылға бас бостандығынан айырылып, балалар жетімдер үйіне тапсырылуы мүмкін.

Ал құқық қорғаушылар оған қатысты «Азаптау» және «Денсаулыққа орташа зиян келтіру» баптары бойынша да іс қозғауды талап етіп отыр.

Айта кетейік, оқиғаның қай өңірде болғаны әзірге белгісіз.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.