Bugin
Әлемге танымал актер, каскадёр, кинорежиссер Джеки Чан Қытайдың "Нағыз қаһармандар" атты әнін Шыңжаңның көрікті жайлауында домбыраға қосылып айтты.
"Бұл әнді әртүрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген болуы керек. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін", - дейді Джеки Чан.
Бұл бейнежазба қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, жақында ғана Джеки Чан Шыңжаңның Қытай мемлекеті "Тұлпар мекен" деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында "Тұлпар" халықаралық туризм мерекесіне келіп, сонда өнер көрсеткен болатын. Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін.