Bugin

Шымкентте "Ордабасы" мен польшалық команданың жанкүйерлері арасында төбелес болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте "Ордабасы" мен польшалық "Легия" командаларының жанкүйерлері арасында төбелес болды. 

Жанкүйерлер арасындағы төбелес бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Поляктың Twitter-дегі Hooligans.cz Official аккаунтының хабарлауынша, жанжал 27 шілдеде Конференция лигасының іріктеу ойыны қарсаңында болған. Бейнежазбада екі команда жанкүйерлерінің төбелесіп жатқан сәті көрсетілген. Артқы жағында полиция сиреналары естіледі.

Айта кетейік, бұл кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қос команда екінші ойынды 4 тамызда Варшавада өткізеді.